
Іс-сапардың мақсаты: Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңына орай ауданда атқарылып жатқан біршама жұмыстармен танысу.
Ұлы Абайдың туған жері Сырт Қасқабұлақ мекенінде атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, Абай бұлағының басын абаттандыруды тапсырды. Сондай-ақ, облыс басшысы Ақшоқы мекенінде Құнанбай Өскенбайұлы әулетінің қорымын көріп, жаңадан салынып жатқан мұражай құрылысымен танысты. Өңір басшысы: «Басты міндет – ұлы Абайдың ата-анасына құрмет көрсету. Музей қазақтың құндылықтары мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау» екендігін ерекше атап өтті. Аудан орталығы Қарауылда жасалып жатқан көшелерді абаттандыру, су құбыры жүйесін қайта жаңғырту, 300 орындық жаңа мектеп, сондай-ақ «Абай паркі» құрылыс нысандарымен танысып, оң пікірін білдірді. Аймақ басшысы Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесенесінде атқарылып жатқан ауқымды істің маңыздылығын айта келе, тиісті жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеп, өз сөзінде: «Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сай, Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу - дәстүрімізбен тарихымызға құрмет көрсету және прагматизмді сақтау, яғни барлық іс адамдардың мүдделеріне жауап беруі тиіс. Келуші туристер ұлы ақынның шығармашылығымен танысып қана қоймай, демалып, өлке тарихын зерттейтін болады»,- деп атап өтті.
Сондай-ақ, қосымша ұсыныстар айтылып, тапсырмалар берілді.