
Құрметті жерлестер!
Кеше аудан әкімінің орынбасары М.Смағұловтың төрағалығымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелері жөніндегі аудандық қоғамдық комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыруға, мектеп формасымен және аяқ киіммен қамтамасыз етуге, мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды балабақшаға орналастыру және төлемін төлеуге қатысты мәселелерді қарау;
2. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға бірлескен сауда орындарында әлеуметтік бұрышты жандандыру және әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларды демеушілер арқылы беруді ұйымдастыру және отбасыларды қолдау бағытында Қарауыл, Медеу, Тоқтамыс ауылдық округтері бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды.
Жоғарыда аталған жұмыстарға байланысты тапсырмаларды сапалы түрде жүзеге асыруды жауапты басшылар мен ауыл әкімдеріне жүктелді.