«Жаңа Қазақстан – белсенді азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет» атты Абай облысының өңірлік Азаматтық форумы өтті

«Жаңа Қазақстан – белсенді азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет» атты Абай облысының өңірлік Азаматтық форумы өтті

Құрметті жерлестер!
Бүгін Семей қаласында бірінші рет «Жаңа Қазақстан – белсенді азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет» атты Абай облысының өңірлік Азаматтық форумы өтті.

Азаматтық форумға қатысушылар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен жастар, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті, жан –жақтан келген қонақтар Форумның пленарлық отырысын өткізді.

Кездесу барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, қала және аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, еріктілер мен қоғам белсенділері өзекті мәселелерді шешудегі азаматтық қоғамның рөлін талқылап, өңірдегі үздік үкіметтік емес ұйымдар марапатталды.