Әкімдік отырысы өтті

Әкімдік отырысы өтті

23 маусым аудан әкімдігінің мәжіліс залында Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы М.Смағұловтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті.

Отырысқа әкімдік мүшелері, аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде:
1. 2023 жылғы өрт қауіпі кезеңіне 9 ауылдық округтің дайындық барысы туралы;
2. Мал ұрлығының, жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды.

Сондай-ақ, ауыл халқының жылқы, ірі қара және ұсақ малдарын табынға қосып жайлауға шығару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы; Қарауыл ауылдық округіндегі саябақтардың суғарылу барысы, суғарылуға жауаптылардың графигі туралы; қатаң мал азығын дайындауда атқарылып жатқан жұмыстар, шөп шабуға шығатын бригадалар саны және арзандатылған дизель отыны бойынша ауылдық округтерден түскен өтінімдер туралы; ауыл шаруашылығы техникаларын техникалық байқаудан өткізу бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы ақпараттар тыңдалды.

Жоғарыда аталған жұмыстарға байланысты тапсырмаларды сапалы түрде жүзеге асыруды жауапты басшылар мен ауыл әкімдеріне жүктелді.