
Құрметті жерлестер!
Бүгін Абай ауданының барлық мектептерінде «соңғы қоңырау» салтанаты өтті.
Шара барысында аудан әкімдігінің өкілдері аудан әкімі Нұржан Оразбекұлының құттықтауын жеткізіп, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі.
Сонымен қатар, оқу озаттары және аудандық, облыстық, республикалық сайыстар мен олимпиадаларда жеткен жетістіктері үшін мектеп оқушылары марапатталып, түлектер ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екінші сыныпқа аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, жайдары көңіл-күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспіз. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектерге алдағы емтихан мен ҰБТ - ден сүрінбей өтіп, Абай атамыз айтқандай «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» болып, ата-ана, ұстаздарыңыздың үміттері ақталар деген сенімдеміз