
Құрметті жерлестер!
Бүгін аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы жұмыс кестесіне сәйкес аудан әкімдігінің мәжіліс залында Абай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының отырысын өткізді.
Жұмыс жоспарына сәйкес қаралған сұрақтар:
1. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, интернет, сондай-ақ жарнамалық-имидждік роликтер, брошюралар, буклеттер мен жадынамалар шығарудың кешенді шараларын жүзеге асыру барысы туралы;
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің берілуін қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету жұмысы жайлы;
3. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
Жоғарыда аталған сұрақтар бойынша тапсырмаларды сапалы түрде жүзеге асыруды жауапты басшыларға жүктелді.