
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына биыл 34 жыл толып отыр. Бұл күн бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегін еске алып, ерен ерлігін ұлықтайтын қастерлі күн.
Осыған орай, бүгін Қарауыл ауылындағы ауған соғысының ардагерлеріне арналған саябақта жат жерде өздерінің интернационалистік парыздарын орындаған және қаза тапқан ауған соғысының батырларын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара өтті.
Шара барысында тарих жылнамасынан қаралы, нәубет жылдарымен орын алған қанды қырғында жан қиған жерлестерімізді бір сәт үнсіздікпен еске алып, аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы мен Ауған соғысының ардагерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойды.