
Абай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылғанына 50 жыл толуына орай аудан әкімінің жүлдесі үшін ерлер арасында футболдан аудандық жарыс өтті.
⚽️Жарысты өткізудегі негізгі мақсат – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау; аудан көлемінде жастар арасында футболды дамыту.
⚽️Ойын қорытындысы бойынша:
🥇 орынды – Қарауыл ауылы;
🥈 орынды – Саржал ауылы;
🥉 орынды – Кеңгірбай би ауылының командалары иеленді.
⚽️Сонымен қатар, жарыс барысында үздік ойын өрнегін көрсеткен
🏆Шаймұратов Әділет «Үздік шабуылшы»,
🏆Ақылғалиев Қуаныш «Үздік қақпашы»,
🏆Өмірғалиев Құрмет «Үздік қорғаушы»,
🏆Сайлаубеков Мейрамбек «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.