
Бүгін аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен өткізілген баспасөз мәслихатына қатысты.
Абай ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуы, Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар, ағымдағы жылғы жоспарлар туралы баяндады.