
Бүгін аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы жұмыс кестесіне сәйкес аппараттық кеңес өткізді.
Оған аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде:
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқоры, шаруашылық кітап және статистика бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының бастарының айырмашылығы туралы;
2. Білім беру саласы бойынша І-ІІ тоқсан қорытындысы, ІІІ-ІV тоқсандарға арналған міндеттемелер туралы;
3. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» бойынша 2022 жылдың қорытындысы және 2023 жылға арналған міндеттер туралы;
4. 2022 жылы спорт саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы;
5. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңына түсініктеме беру туралы баяндамалар тыңдалды.
Жоғарыда аталған жұмыстарға байланысты тапсырмаларды сапалы түрде жүзеге асыруды жауапты басшылар мен ауыл әкімдеріне жүктеді.