«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» тақырыбындағы электоралды оқыту

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  тақырыбындағы электоралды оқыту

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2020 жылдың 11 наурыз күні Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары арасында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» тақырыбында жалпы саны 17 оқушыдан тұратын электоралды оқытуды өткізді.

             Оқушылар сайлау құқығымен, сайлаушының құқықтық мәртебесімен, сайлау органдарымен және олардың жүйесімен таныстырылды. Сонымен қатар, оқушыларға ОСК ұсынған қысқа метражды «Дауыс беру күні» атты оқыту фильмі мен слайдтар көрсетілді.