Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Дүниежүзілік Азаматтық қорғау күні айлығын өткізуге дайындалуда

Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі  Дүниежүзілік  Азаматтық қорғау күні айлығын өткізуге дайындалуда

Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас ассамблеясының бұрыштамасына сәйкес жыл сайын 1 наурыз Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні болып аталып өтіледі. Бұл күнді Аудандық Төтенше жағдайлар және № 46 Өрт сөндіру бекеті де атап өтпек.

Бұл мереке 1972 жылғы 1 наурызда ХАҚҰ жарғысы күшіне еніп, оны 18 мемлекет қолдады.

Дүниежүзілік азаматтық қорғау күні – халықаралық азаматтық қорғау ұйымының (ХАҚҰ) шешімімен 1992 жылы жарияланды.  Бүгінгі таңда  бұл мейрам қоғам назарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ұлттық қызметтер атқаратын маңызды міндеттерге жұмылдыруға бағытталған.

          Оның негізгі құрамына  әлемнің 50-ден астам мемлекет және тағы 20  – бақылаушы ретінде кірді, ал ұйымның өзі үкіметаралық мәртебеге ие болды.  Қазақстан 1996 жылдан бастап осы ұйымның толыққанды мүшесі болып саналады және оның өткізілетін барлық іс-шараларына қатысады.

Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу әрекетінде мемлекеттің координациясына, оған тұрғындарды дайындауға, мүмкін болатын шұғыл жағдайларға ұлттық төтенше жағдайлар қызметтерін үйлестіруге бағытталған маңызды халықаралық акция болып табылады.

         Аталған іс-шараның шеңберінде Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі 1 наурыздан 31 наурызға дейінгі мерзімде «Азаматтық қорғау айлығын» ұйымдастырып отыр.

         Аудан нысандарында «Айлық» өткізу барысында  «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КҮНІ» шеңберінде әр түрлі ТЖ-да іс-әрекет жасау бойынша оқу-жаттығулар мен жаттықтырулар  ұйымдастырылады. 

       Мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарында ТҚН тақырыбында тақырыптық жиындар, «Аудан әкімінің 2020 жылға бекіткен оқу-жаттығулар мен жаттықтырулар Жоспарына» сәйкес авариялық оқиғалар бойынша оқу-жаттығулар өтетін болады.

          Абай ауданының №46 Өрт сөндіру бекетінде «Ашық есік күндері» өткізіледі.

 

                                                                                   ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ бөлімі