
2020 жылдың ақпан айының 17 күні «2020 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбы бойынша «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Абай ауданында арнайы-тактикалық жаттығулар өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында Абай ауданының басқару органдары, Азаматтық қорғау мемлекеттік кіші жүйесінің аумақтық күштері мен құралдарын көктем кезеңіндегі төтенше жағдайлардың пайда болуы мен қауіпінің мәселесін орындауға даярлық келтіру үшін хабарлау жүргізілді. Сонымен қатар, Абай ауданының азаматтық қорғау қызметтері бастықтарын жинау ұйымдастырылды, авариялық құтқару құралымдары жоғары әзірлік деңгейіне келтірілді, ауданның 14 бірлік техникасына және 34 адам жеке құрамнан құралған, шұғыл әрекет ету жасағының дайындығының байқауы өткізілді.
Эвакуациялық жинау пункттерінің басшыларымен қосымша сабақтар өткізілді, «Аудандық эвакуациялық комиссиясының құрамын бекіту туралы» 2020 жылғы аудан әкімінің өкіміне байланысты түсіндірмелер берілді.
Медициналық жәрдем көрсету бойынша тәжірибелік іс-шаралар пысықталды. «Қарауыл» өзенде – 5 метр жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді.
Авариялық құтқару құралымдарының тактикалық арнайы оқу-жаттығуға қатысу кезіндегі жеделдігін және су басумен және халықты қорғаумен байланысты төтенше жағдайдың алдын алу мен жою бойынша бірінші кезектегі шараларды жүзеге асыруын атап өткен жөн.
ШҚО ТЖД Абай ауданының ТЖ бөлімі