
Құрметті жерлестер!
Бүгін Абай облысының әкімі Ұранхаев Нұрлан Телманұлы ауданымызға жұмыс сапарымен келді.
Алдымен білім ошағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатын, аудандық орталық аурухананың жұмысымен, жүзу бассейні мен өлкетану мұражайының жағдайымен танысты.
Келесі кезекте облыс әкімі аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аймақ басшысы жоспарланған жұмыстарға тоқталып, аудан тұрғындарын мазалап жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, кездесу соңында жеке қабылдау жүргізді.