«Снюс» дегеніміз не?

«Снюс» дегеніміз не?

Снюс – құрамында никотин мөлшері көп, канцерогендері төмен болуымен сипатталатын түтінсіз темекінің бір түрі. Снюс қаптамасының екі түрі болады: порциялы (арнайы пакеттерге салынған (салмағы 0,3-тен 2 граммға дейін) және жеке-жеке салынған (буылып-түйілмеген).

Қазіргі уақытта дүкендерде, интернет-сайттарда аталмыш тауарлар «никотиновые конфеты», «шайба», «некурительный табак», «сосательный снюс», «мармеладки или цукаты» деген әртүрлі атаумен сатылып жүр. Атауы әртүрлі болғанымен, келтірер зияны бір. Шайнайтын темекі соншалықты күшті және тез тәуелділік тудырады, оны мамандар жеңіл есірткіге теңестіреді. Никотин қан мен ми жасушаларына тезірек түседі. Ағза никотинмен уланғаннан кейін әсер ете бастайды. Бұл заңды жолмен жеңіл есірткіні алмастыру.

Снюс есірткі тәрізді, түтіні будақтамайды. Кәмпит, сағыз, насыбай сияқты түрлері әрқалай болғанымен, зияны бір. Яғни балалардың пайдаланғанын үлкендер білмей қалуы да әбден мүмкін. Сол себепті ата-аналар тарапынан алаңдаушылық бар.

Мамандар ата-аналарға сақ болуын ескертеді, себебі снюстер жасөспірімдерге нашақорлықпен қатар тұрған никотин тәуелділікті тудырады. Алайда, бұл заттардың зияны әлдеқайда күшті.

Түтінсіз темекіні пайдаланушылар темекі шегушілерге қарағанда көбірек никотин алады. Снюсті қолданған кезде никотин ағзаға ең күшті бір темекі шеккеннен гөрі ондаған есе көп түседі. Снюстерде 20-дан 250мг-ға дейін никотиннің үлкен дозасы бар, (салыстырмалы түрде бір темекіде 1,5 мг никотин болады), яғни 1 қапшықтағы никотиннің мөлшері 2 қораптағы темекідегі никотин мөлшеріне тең. Бір килограмм салмаққа никотиннің орташа өлім дозасы 0,5-1 миллиграммды құрайтынын ескерсек, онда балалар мен жасөспірімдердің аз салмағында мұндай доза өлімге әкелуі мүмкін.

«Снюс» не себепті балаларға қауіпті?

Жасөспірім ағзасы өседі, қалыптасады, осы уақытта дұрыс психофизиологиялық даму орын алуы маңызды. Ал никотиннің осындай жоғары концентрациясы бар темекі өнімдерін тұтыну осының бәрін бұзады, аллергиялық реакциялар тудыруы, улануға, тәуелділікке әкелуі мүмкін.

Маңызды! Темекіге қарағанда снюс қысқа мерзімде тәуелділікті тудырады, ал одан құтылу оңай емес. Сондай-ақ снюсті қолданудың салдары баланыі өсуі  тоқтайды, жат қылық байқалады, содан кейін - ойлау процестері, жады бұзылады, ашушаң болады.

Қыз балаларында  никотинді пайдалану салдарынан репродуктивті жүйесі (аналық жасушасының   өлуі немесе пішінінің бұзулуы мүмкін) зардап шегеді. Сондықтан болашақта бедеуліктін немесе денсаулығында кемшіліктері бвр баланың дүниеге келуі мүмкін.

Кәмпит, мармелад немесе цукат түріндегі снюс өте қауіпті болып келеді. Өйткені  соратын снюсті балалар аузында жағымсыз әсер салдарынан тез  арада түкіріп тастап  ағзасына қауіпті әсерден сақтанып қалу мүмкіндігі бар, ал аталған снюстердің турлері қауіптірек болып келеді: ол мармелад, кәмпит немесе цукат сияқты болып келеді, дәміде жеміс  сияқты, сондықтанда оны пайдалынуы жағымды болғандықтан  ұзақ  уақыт бойы пайдаланады, ал  кәмпитті жұтып қойған кезінде жасөспірімнің  уланудың қауіпі немесе қазаға ұщырау мүмкін.

Баланың «снюсті» пайдаланып жүргендігін білдіретін белгілері?

Баланың тәптібінде өзгерістер болады. Снюс жасөспірімдердің ағзасына зиян келтірумен ғана шектелмейді, сондай-ақ эмоционалдық тұрғыдан да әсер етеді, мінезі өзгеріп, агрессивті болады, үнемі көңілсіз жүреді, ұйқысы келе береді. Сонымен қатар, бұл мектептегі үлгерімнің төмендеуіне әсер етуі мүмкін: бала оқуға деген қызығушылығын жоғалтады, секциялар мен үйірмелерді тастайды.

Түтінсіз темекіні ұзақ уақыт пайдалану ауыз қуысының шырышты қабатының зақымдануына (қызыл иектің эрозиясы және стоматит), пародонтозға, тістердің сарғаюына және ауыздың сасық иісіне әкеледі. Бала басының ауруына, айналуына және жүрек айнуына шағымданады.

Снюс тек балалар үшін қауіпті ме?

Жоқ ересек адамдар үшінде қауіпті. Соратын темекіні пайдалану кезінде қанда никотиннің мөлшері тамырлардың тарлуына әкеліп соғады. Осының салдарынан жүрек ауруына артериалды гипертензиясы, атеросклероз және инсульт ауруларының қауіпі артады. Снюс құрамында әлеуетті канцерогендік әсері бар 28 химиялық заттардан тұрады. Ал канцерогендер мутация тудырады және обырдың дамуына әкеледі. Снюсті қолдану ауыз қуысы обырының, асқазан обырының, бауыр, ұйқы безі, өңеш обырының және өкпе обырының дамуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар тістердің бұзулуына, пародонтоз, тахикардия және ауыз қуысынан жағымсыз иістін шығуына әкеліп соғады.

Анықтама ретінде:

ҚР бойынша статистикалық мәліметтерге сүйене отырып обыр ауруының көрсеткіштері төмендемей тұр, халықтың 100 мың адамына шаққанда ауыз қуысы обыры-4,6%, өңеш обыры-6,8%, асқазан обыры-15,3%, ұйқы безі обыры-6,2%.

Қазақстанда снюстің айналымын болдырмау үшін қандай шаралар қабылданған?

Қазіргі таңда  елімізде «снюс» деп аталатын шайнайтын шылымды сатуға тыйым салынды. 2019 жылдың 12 желтоқсанында № 7-ПГВр ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин «Снюс», темекі және темекі емес өнімдерін әкелуге, қолдануға, сатуға және таратуға тыйым салу туралы»  қаулыға  қол қойды.

Заңсыз айналымның фактісі анықталғанда кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шара қолданылады.