Құрметті жерлестер!
Бүгін аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы жұмыс кестесіне сәйкес аудан әкімдігінің мәжіліс залында әкімдік отырысын өткізді.
Отырысқа әкімдік мүшелері, аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде:
1. 2022 жылы жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылаудың барысы, оларды мемлекеттік меншікке алу туралы;
2. М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына дайындық барысы туралы;
3. Мал ұрлығының, жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды.
Сонымен қатар, таза ауыз су бойынша берешегі бар абоненттермен атқарылған жұмыстар, қысқа мал азығын дайындау және 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу, «2021—2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» ауданда I-жартыжылдық бойынша орындалысы, сондай-ақ, коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарламалар жасалды. Жоғарыда аталған жұмыстарға байланысты тапсырмаларды сапалы түрде жүзеге асыруды жауапты басшылар мен ауыл әкімдеріне жүктед