
Құрметті жерлестер!
Бүгін аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы жұмыс кестесіне сәйкес аппараттық кеңес өткізді. Оған аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларына жүргізілген диагностикалық зерттеулер қорытындысы, сырттан әкелінгені және шығысталғаны туралы;
2. Малдың жайлауға шығуы, бойдақ малдардың бағылуы, қараусыз жүрген малдарды қамайтын орындар бойынша төрт жақты меморандумға отыру және шөп шабу маусымына дайындық барысы туралы;
3. «Риза» КМК абоненттерден қанша қаржы түсіру керек және қанша түскендігі туралы;
4. Архат, Кеңгірбай би, Қасқабұлақ және Көкбай ауылдық округтерінде 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу туралы;
5. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының І жарты жылдық бойынша қорытындылары және ІІ жарты жылдыққа арналған міндеттер туралы баяндамалар тыңдалды.
Жоғарыда аталған жұмыстарға байланысты тапсырмаларды сапалы түрде жүзеге асыруды жауапты басшылар мен ауыл әкімдеріне жүктеді.