
Құрметті жерлестер!
Бүгін аудандық орталық кітапханада санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілген, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының озық қызметкері, әдебиетші, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері, қаламгер Мырзақасым Әсет Медеуханұлының «Қиясбай» атты кітабының тұсаукесер рәсіміне аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы қатысты.
Ұлылар елінің тарихын тізбектеп, ұлы Абайдың ұлағатын кейінгі ұрпаққа ұлықтап жүрген жазушы бұл жолғы зерттеу жинағын Абай ардақтаған ел еркесі, жан-жақты өнерпаз Қияспай Көгедайұлына арнаған. Өнегелі өмірін өшпестей мұрасымен өрнектеген абайлық жазушыға халық алғысы да орасан зор. Туған өлкеміздің әдебиеті мен тарихының қарыштап дамуына баса назар аударып жүрген өлкетанушы, қаламгер Мырзақасым Әсет Медеуханұлына шығармашылық шабыт, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз.