
Құрметті жерлестер!
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Е.Рахимбаеваның бұйрығына сәйкес Қалбабаев Бақытжан Ережепбайұлы Абай ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
Абай ауданының әкімінің орынбасары Мейіржан Серікболсынұлы емхана ұжымының алдында Бақытжан Ережепбайұлын құттықтап, еңбегіне толағай табыс пен сәттілік тіледі.