
Құрметті жерлестер!
Бүгін аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы жұмыс кестесіне сәйкес аудан әкімдігінің мәжіліс залында санитарлық талаптарды сақтай отырып әкімдік отырысын өткізді. Отырысқа әкімдік мүшелері, аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде:
1. 2021 жылы спорт саласында атқарылған жұмыстар туралы, спорт нысандары құжаттарының рәсімделу барысы туралы;
2. Жайылымдық жерлерді заңдастыру, конкурстар өткізу туралы;
3. Мал ұрлығының алдын алу, үш жақты келісім шарт бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды.
Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдерінің арасында маңызды көрсеткіштер бойынша бағалау рейтингісін қалыптастыру мен жүргізуі, 8 және 22 наурыз мерекелеріне дайындық, бағаны тұрақтандыру бойынша жүргізілген жұмыстар, жастар ресурстық орталығының 2021 жылы атқарған жұмыстары мен 2022 жылғы жоспары, жерге байланысты конкурстар өткізу үшін жүргізіліп жатқан жұмыстары жөнінде хабарламалар жасалды.
Жоғарыда аталған жұмыстарға байланысты тапсырмаларды сапалы түрде жүзеге асыруды жауапты басшылар мен ауыл әкімдеріне жүктеді.