«Дипломмен ауылға» атты мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді

«Дипломмен ауылға» атты мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді
«𝐀𝐛𝐚𝐢 - 𝐀𝐝𝐚𝐥𝐝𝐲𝐪 𝐚𝐥𝐚𝐧𝐲» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқы «Дипломмен ауылға» атты мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуына мониторинг жүргізді.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына 2020 жылы 30 қыркүйекте өзгерістер енді.
Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылатын болады:

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидалары бекітілсін.

Көрсетілген қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілген қызмет болып табылады және оны аудандар мен облыстық маңызы бар салалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдарды көрсетеді.
​3.Бағдарлама арқылы көтерме жәрдемақы және кредитқа тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау қызмет алушыларға көрсетіледі.
​1500 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға он бес жылға дейінгі мерзімге 0,01% мөлшеріндегі жылдық сыйақымен 1500 АЕК мөлшерлемесі бойынша кредит беріледі.
 
Тұрғын үй сатып алуға немесе алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан ( зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір немесе ата-анасы бөлек аға –інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды. Бұл 27 мамыр 2020 дылы №43 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің бұйрығы.
 
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
​Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
​жеке басына куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
​Білім туралы дипломның көшірмесі;
​Көрсетілген қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
​2) Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
​Осы Қағидаттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
​жеке басына куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
​Білім туралы дипломның көшірмесі;
​Көрсетілген қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
​Сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрғын көрсетілеттін қызметті алушылар үшін);
​Кредиттік бюродан есеп;
​Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.
​Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ, сондай-ақ соңғы 2(екі) жыл ішінде 90(тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ қызмет алушыларға ұсынылады.
​Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-6(алты) жұмыс күні.

Мониторинг барысында; мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық фактілері анықталмады!