
«Абай -Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы мемлекеттік сатып алу саласын мониторинг жүргізу мақсатында Абай ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінде болып қайтты!
Мониторинг барысында:
Аудан әкімдігінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес, Абай ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі мекемесі Абай ауданы бойынша 4 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалған. 2021 жылы мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы 13 жұмыстар мен қызметтер бойынша 309 794,0 мың теңгеге конкурстар жарияланған. Бүгінгі күні 7 конкурс бойынша жеңімпаздар анықталып, жөндеу жұмыстары басталды. Қалған конкурстар бойынша мемлекеттік сатып алу порталы бойынша мердігерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары арнайы конкурстық комиссия құру арқылы жүзеге асады. Конкурстық комиссия мердігерлерден түскен өтінімдерді қарап, тиісінше заңға сәйкес жұмыстар атқарады.
Мониторинг барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ!