
«Абай - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының» сапалы қызмет көрсетіп, тұрғындар дың өздігінен мемлекеттік қызмет алуда қаншалықты ілгерілегеніне мониторинг жүргізіп қайтты!
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының басты мақсаты; тұрғындардың өз уақытын үнемдеуі, атап айтқанда электрондық үкімет порталынан онлайн режимінде қызмет алу.
Естеріңізде болса, алдыңғы посттардың бірінде; Абай ауданы бойынша 9 Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылғандығы жөнінде айтқан болатынбыз! Бұндай бұрыштардың ерекшелігі, қазіргі технологиялар дамыған заманда, Сіз еш кедергісіз, кез-келген мемлекеттік қызмет түрін аздаған минуттардың ішінде мүмкіндік аласыз! Егерде, басында егов порталын игеруде қыйындықтар туса, түк етпейді! Себебі, бұндай жағдайда Сізге көмекке келіп, қызмет алудың жолын егжей-тегжей түсіндіріп, толғандырған сұрақтарыңызға жауап беретін арнайы мамандар бар! Ең тиімдісі, бір игеріп алғаннан кейін, Сіз мемлекттің қызметтің барлығын дерлік, үйден шықпастан, ғаламторға қосылған кез-келген компьютерден құжатыңызды бір мезетте шығарып алуыңызға мүмкіндік аласыз, сол арқылы біраз уақытыңызды үнеидейсіз.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Абай ауданы бойынша, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында» жиыны 4884 мемлекеттік қызмет көрсетілген екен! Оның ішінде:
🔰Ашық әкімдік - 184
🔰Архат ауылдық округі - 500
🔰Қарауыл ауылдық округінің әкімшілігі - 900
🔰Халықты жұмыспен қамту орталығы - 1600
🔰Құндызды ауылдық округі - 400
🔰Қасқабұлақ ауылдық округі - 500
🔰ЖКХ бөлімі
🔰Кеңгірбай би ауылдық округі
🔰Көкбай ауылдық округі - 800