
«Абай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы «Жалпы орта білім беретін мектептің» КММ «Жалын» дебат клубының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы және «Саналы ұрпақ» жобасы аясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралар жоспары негізінде, ауыспалы кубок ойнатылған «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты аудандық дебат турнирінде төрағалар қатарын толықтырды!
Ойынға аудан мектептерінен:
🔰 «𝐀𝐪𝐢𝐪𝐚𝐭»( Шәкәрім ат. орта мектеп, жетекшісі Уалиева Н.Б )
🔰 «𝐀𝐪𝐢𝐪𝐚𝐭»( Карауыл гимназиясы, жетекшісі Қабденова З.)
🔰 «𝐒𝐢𝐫𝐢𝐮𝐬»(Көкбай ат. орта мектебі, жетекшісі Тайтөлеуова Ж.)
🔰 «𝐊𝗼𝐬𝐡𝐛𝐚𝐬𝐬𝐡𝐲» (Ш.Әбенов ат мектеп , жетекшісі Аширимбетова И.)
🔰 «𝐁𝗼𝐥𝐚𝐬𝐡𝐚𝐪» ( ЖББ орта мектеп жетекшілері Асқар Б, Амангелдина Ә. )
🔰 «𝐓𝐢𝐥 𝐭𝐚𝐫𝐥𝐚𝐧𝐝𝐚𝐫𝐲» (Медеу орта мектебі, жетекшісі Омарбекова Б ),
🔰 «𝐌𝐚𝐬𝐞𝐥𝐞»(М.Әуезов атындағы орта мектеп жетекшісі Түйебаева Р.),
🔰 «𝐎𝐫𝐚𝐭𝗼𝐫» ( Абай мектеп-лицейі, жетекшісі Бейсенбаев Е. ) фракциялары қатысып, еркеше көзге түсіп, үздік ойын көрсеткен оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Үздік ойын өрнегін көрсетіп, айшықты ойларымен алға суырылып шығып, басымдылық танытқан Орта мектептің “Болашақ” фракциясы 3 орын , М.Әуезов орта мектебінің "Мәселе " фракциясы 2 орын, Ш. Әбенов ат. орта мектебінің "Көшбасшы" фракциясы 1 орын иеленіп ауыспалы кубокты иеленді.
Ойынға "Абай-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Жакыжанова Б., Аудандық білім бөлімінен Байтөс Б., Үйсінбаева Ж. , Нұр Отан партиясынан Қалиев Қ. қатысып, төрелік етті.