
Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына жолдауы аясында «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданған болатын.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ғаламторға қосылуға мүмкіндігі бар барлық мекемелер мен ауылдық округтерде дерлік «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылып, жұмыс жасай бастады. Аталмыш бағдарлама аясында Абай ауданында да «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылып, қазіргі таңда Абай елінің қолайлылығы үшін жұмысын жалғастыруда. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының басты мақсаты; тұрғындардың өз уақытын үнемдеуі, атап айтқанда электрондық үкімет порталынан онлайн режимінде қызмет алу.
Бүгінгі күні, Абай ауданы бойынша 9 Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған:
1. Ашық әкімдік
2. Архат ауылдық округі
3. Қарауыл ауылдық округінің әкімшілігі
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы
5. Құндызды ауылдық округі
6. Қасқабұлақ ауылдық округі
7. ЖКХ бөлімі
8. Кеңгірбай би ауылдық округі
9. Көкбай ауылдық округі