Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасының жүзеге асырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар

Бұл туралы «Абай-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен
«🇦 🇳 🇹 🇮 🇰 🇴 🇷  🇱 🇮 🇻 🇪» жобасы аясында «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» директорының тәрбие жөніндегі орынбасары: Мәкенова Нұргүл Біләлқызы мәлімдеді

Сондай-ақ, Нұргүл Біләлқызы 2020-2021 оқу жылында атқарылған шаралармен бөлісіп, қойылған сауалдарға жауап берді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу , жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылған! Клубтың қатарына 4-ші сыныптан бастап қосылуға болады! Қазіргі таңда, оқу озаттарынан құрылған бұл клуб 8 мүшеден, оның ішінде 1 жетекшіден құрылған екен! Болашақта, еріктілер клубының қатары көбейеді деп сенеміз!
- Мектеп директорының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының жоспары бекітілген!
Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді әрекет етуге дайын тұлғаны тәрбиелеу.
- Кез келген проблемалар бойынша хабарлай алатын сенім телефондары насихатталып, сенім жәшігі орнатылған.
- Мектеп оқушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әлеуметтік бейнероликтер- вайндар түсіріп отырады!
Сонымен қатар үнемі, «Адалдық дүкені», «Адалдық сағаттары» өткізіліп тұрады

Эфир соңында, жобалық кеңсе жетекшісі Бақыт Серікханқызы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейге болашаққа нық қадам жасайтын жастардың бойында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ИММУНИТЕТ қалыптастырудағы рөлі - орасан зор екендігін айтып, болашақта бірлесе жұмыс жасауды ұсынып, Мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі.