
«Абай - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралар жоспары негізінде, «Саналы ұрпақ» жобасы аясында «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты «Жалын» дебат клубының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының достық кездесуінде төреші болды!
Достық кездесуді өткізудің мақсаты :
Оқушылар арасында дебат ойындары арқылы ойлау еркіндігін қалыптастырып, сөз шеберлігін ұштап, ой- өріс кеңдігін дамыту;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізінде мектеп оқушыларын адалдыққа тәрбиелеу болып табылады!
Ерекше ойын үлгісімен көзге түсіп, арнайы мадақтамалармен марапатталған қатысушыларды құттықтаймыз және оқушыларды даярлаған ұстаздарына алғыс білдіреміз!