Жалпы ауылдық көгалдандыру жұмыстарына мониторинг жүргізілді

Жалпы ауылдық көгалдандыру жұмыстарына мониторинг жүргізілді

Бүгін, «Абай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы іс-шаралар жоспарына сәйкес Қарауыл ауылдық округ әкімі Өмірбек Жанарбековичпен бірге жалпы ауылдық көгалдандыру жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Егіліп жатқан рассадалардың 9 түрі - Жалпы орта білім беретін мектепте, 3 түрі - Қарауыл гимназиясында және қалған 3 түрі - Абай колледжінде өсіріледі екен!

Бүгінгі болған көгалдандыру жұмыстарына барлық мекеме жұмылдырылуда.

Қарауыл әкімшілігі де өз тарапынан ауылымыздың көркеюіне үлес қосып жатқан мекеме қызметкерлеріне тіске басарлар мен сусын таратты.

Мониторинг барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ! Гүлмен безендіріп, көркейту жұмыстарына орай саябаққа тартымды рең беретін түсті гүлдер таңдап алынғанын да айта кеткен жөн!
Осы бойда атқарылып жатқан жұмыстар болашақта да біздің бақылауымызда болады!