
«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы «Шәкәрім атындағы орта мектеп» директорының «Қамқоршылық кеңес» алдындағы есебіне қатысу мақсатында, Кеңгірбай би ауылдық округінде болып қайтты.
Қамқоршылық кеңесінің отырысына жиыны мектеп басшысымен 8 адам қатысты. Күн тәртіінде мектеп басшысының жылдық жұмысының есебін тыңдау. Мүшелердің пікірі, ағымдағы жұмыстар.
Екінші мәселе әлеуметтік есепте тұратын оқушыларға жасалып жатқан акциялардың жұмсалуы туралы ақпараттар берілді.
“𝐌𝐞𝐤𝐭𝐞𝐩𝐤𝐞 𝐳𝐡𝗼𝐥“ 𝐚𝐤𝐜𝐢𝐚𝐬𝐲 аясында 35 оқушыға көмек көрсетілді. Оның 28 көп балалы отбасынан болса, 7 аз қамтылған отбасынан. Көмектің жалпы мөлшері 170 000 құраған, оның 69 000 бюджет қаражатынан, 101 000 демеушілер тарапынан болған!
“𝐙𝐡𝐮𝐫𝐞𝐤𝐭𝐞𝐧 𝐳𝐡𝐮𝐫𝐞𝐤𝐤𝐞“ 𝐚𝐤𝐜𝐢𝐚𝐬𝐲 аясында 9 оқушыға көмек көрсетілген, оның 4- і көп балалы отбасынан, 5-і азқамтылған отбасынан. Көмектің жалпы мөлшері 46 000 құраған.
“𝐐𝐚𝐢𝐲𝐫𝐲𝗺𝐝𝐲 𝐢𝐬𝐭𝐞𝐫 𝗺𝐚𝐫𝐚𝐟𝗼𝐧𝐲“ 𝐚𝐤𝐜𝐢𝐚𝐬𝐲 аясында 7 оқушыға көмек көрсетілген, оның 5-і көп балалы отбасынан, 3-і азқамтылған отбасынан! Көмектің жалпы қаражаты 82 000 құраған!
Отырыс соңында, «𝐀𝐛𝐚𝐢 - 𝐀𝐝𝐚𝐥𝐝𝐲𝐪 𝐚𝐥𝐚𝐧𝐲» жобалық кеңсесінің жетекшісі әлеуметтік белсенділікті арттырып, демеушілерді көбейту бойынша ұсынымдар жасады!