
«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Абай ауданының полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі әкімшілік тәжірибе инспекторы полиция аға лейтенанты Құтанбеков Нұрол Еркінұлымен, ТҮКШ бөлімінің маманы Елжас Дулатұлымен, Қарауыл ауылдық округ әкімі аппарытының бас маманы Құрмет Қайратұлымен бірлесе жол қозғалысын ұйымдастыру жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында анықталған ақпарат:
Ауданымызда жалпы жолдар жүйесінің ұзындығы – 413км. Оның ішінде республикалық маңыздағы – 70 км, облыстық маңыздағы – 258 км, аудандық маңыздағы – 85 км. Көше жолдарының ұзындығы – 99,3 км құрайды. Аудандық маңыздағы жолдарға - «Риза» КМК-ны, облыстық маңыздағы жолдарға - «ОблШығысЖол» КМК-ны, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына – «ҚазАвтоЖол» мекемесі қызмет жасайды. 2020 жылы аудан бойынша 48 км автомобиль жолына, яғни облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 22 км және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 1,7 км, сонымен қатар ауылдардағы 24,3 км көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстарға тоқталсақ: 2020 жылы облыстық маңызы бар Аягөз – Қарауыл –Р23– Семей-Кайнар автомобиль жолының 144-154 км аралығына, яғни 10 км автомобиль жолына, Жидебайға баратын жолға 0-12 км автомобиль жолына, аудандық маңызы бар Сырт Қасқабұлаққа кіре беріс 1,7 км жолды, сонымен қатар Қарауыл (Бекбосынов, Әйгерім, Мамай, Тоқтамыс, Құнанбай, Мұхаметханов, Ұлжан көшелері), Саржал (Матаев көшесі) Кеңгірбай би (Айпара көшесі), Көкбай (Шәкәрім және Көкбай көшесі), Құндызды (Ақтамберді көшесі) ауылдарының көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 51 жол белгісі жаңадан қойылды.
Ауданымыз бойынша, ойлықырлылықтарға да мониторинг жүргізіліп, барлығының жаңартылғаны белгілі болды! Баян көшесінде жалпы ұзындығ 1 км жолға жаңа асфальт төселіп, кешенді жөндеу жұмыстары өткізілген!