
2021 жылғы 14 мамыр күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Шәкір Әбеновтің 120 жылдық мерейтойына арналған «Шыңғыстаудың бір шыңы» көрмесі аясында дөңгелек үстелі және Тұрдықұл Қасенұлының «Шәкір Әбенұлы шығармалары (Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық - музейі қолжазбалары негізінде)» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараның мақсаты - Ұлылар ұлағатын ұлықтау және қоғам қайраткері, халық ақыны, фольклоршы, сазгер Шәкір Әбеновтың өнегелі өмір жолын насихаттау. Дөңгелек үстел барысында қоғам қайраткерлері Ш.Әбеновтың мол мұрасы, еңбектерінің зерттелуі хақында ой өрбітті.