Ауданымызға Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы және Булавкина Ольга Александровна арнайы іс-сапармен келді

Ауданымызға Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы және Булавкина Ольга Александровна арнайы іс-сапармен келді

Бүгін ауданымызға Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы және Булавкина Ольга Александровна арнайы іс-сапармен келді.

Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қайта жаңғырған тарихи орындарға тоқтап, жасалынған жұмыстарды көрді. Атап айтқанда, Бөрілі мекені, Сырт Қасқабұлақ, Ақшоқыдағы Құнанбай әулетінің қорымы мен мұражайы, Жидебайдағы жаңа заман талабына сай жаңарған «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, ақынның мұражай үйіндегі кең ауқымды жұмыстар депутаттардың оң бағасын алды. Жидебайдағы мәдени-тұрмыстық кешен ішіндегі мәжіліс залында санитарлық талаптарды сақтай отырып аудандық мәслихат депутаттары және шаруа қожалықтарының жетекшілерімен жиын өткізіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселе аграрлық сала, жер реформасы бойынша өзгерістер жөнінде пікір алмасып, ой бөлісті. Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Жиын соңында Парламент Сенатының депутаттары ұлылар елінің кемелденуіне, өрлеуіне деген ақжарма тілектерін білдірді.