
Бүгін «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті ХХV есептік сайлау конференциясына өткізілді. Күн тәртібінде:
1.Шығыс Қазақстан облыстық партия филиалының саяси кеңесінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмыстары, алдағы міндеттері;
2.Бақылау - ревизия комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстарының есебі;
3.Шығыс Қазақстан облыстық партия филиалының саяси кеңесінің құрамын сайлау;
4.Шығыс Қазақстан облыстық партия филиалының бақылау - ревизиялық комиссиясының құрамын сайлау мәселесі қаралды.
Қатысушылар 4 мәселе бойынша жарыссөзге түсіп, ұсыныс пікірлерін білдірді. Конференция соңында қаулы жобасы қабылданып, дауысқа салынды. Конференцияның қарауына ұсынылған мәселелер толықтай қаралды.