ағаш көшеттері отырғызылды

ағаш көшеттері отырғызылды

Күллі жақсылықтың, тазалықтың бастауы қоршаған ортаның тазалығын сақтаудан, көгалдандырудан басталады. Халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек» деп, табиғатты қорғауға оны сақтауға ерекше мән берген. Бүгін Отан қорғаушылар күні қарсаңында жаңадан бой көтерген «Құнанбай қажы» атындағы мешіттің ауласына санитарлық талаптардың сақталуымен ағаш көшеттерін отырғызу шаралары басталды. Ауданымыз бойынша жалпы сенбілік өткізу, ағаш көшеттерін, гүл түптерін отырғызу, көркейту – көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.