
Бүгін адамзат тарихындағы зұлматты оқиғалардың бірі, әйгілі Чернобыльда орын алған алапат апатқа 35 жыл толуына орай аудандық М.Әуезов атындағы орталық кітапханада санитарлық талаптар сақтала отырып дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл шараға Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 3 жерлесіміз, әкімдік мүшелері, тұрғындар мен жас буын өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында адамзат баласының жанын жаралаған Чернобыль апатына қатысқан жерлестеріміздің ерлігінің, қаһармандығының көп жастарға үлгі екендігіне тоқтала келіп, кеуделеріне «Чернобыль апатына 35 жыл» мерекелік медалі тағылды.
Шара соңында «Адалдық – адамгершілік бастауы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.