
Бүгін аудандық мәдениет үйінде санитарлық талаптарды сақтай отырып «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының есеп беру – сайлау конференциясы өткізілді. Конференцияға «Nur Otan» партиясының саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, бастауыш партия ұйымының төрағалары, мекеме басшылары, ардагерлер, баспасөз және ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде:
1.«Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының Саяси кеңесінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы;
2. «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелерін сайлау;
3.«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық XXV партия конференциясына делегаттар сайлау.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров баяндама жасады. Қатысушылар 3 мәселе бойынша жарыссөзге түсіп, ұсыныс пікірлерін білдірді. Конференцияның қарауына ұсынылған мәселелер толықтай қаралды.