Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Аудандық отырыс өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Аудандық отырыс өтті

Ағымдағы айдың 22 күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті! Отырыста аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Маратұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енген өзгерістерге тоқталып, осы өзгерістер жайлы барша азаматтарды ақпараттандыруды дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдіктерінің мамандарына тапсырды!

Аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу, ақпараттық технологиялар, заң және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Е.Қайнарұлы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша нұсқама берді.

«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Серікханқызы ағымдағы жылы Адалдық алаңы және Ашық әкімдікте атқарылған жұмыстар жайында баяндады.

Сонымен қатар, Көкбай мен Саржал ауылдық округтерінде ашылуы жоспарланып отырған «Ашық әкімдіктер» жұмыс жоспары кеңінен талқыланды!

Қазіргі уақытта ФРОНТ-ОФИС форматында жұмыс жасап жатқан Тоқтамыс ауылдық округі әкімдігінің жұмысы талқыланып, болшақта барлық бөлімдер мен мекемелердің халықтың қолайлылығы үшін осындай форматқа көшуінің маңыздылығы талқыланды!