
«Абай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы Қарауыл ауылы көшелерінің жарықтандырыруын және бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуі жөнінде білу мақсатында, ЖКХ бөлімінің басшысы Сырым Аманғазыұлымен Қарауыл ауылдық округінің әкімі Өмірбек Жанарбекұлымен кездесті.
Мониторинг барысында:
Көшелерді жарықтандыру жұмысына жылына 3 500 000 бөлінеді екен;
Көшелерді жарықтандырудағы бақандарды күтіп ұстауға келісім шарт бойынша Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Риза" КМК жауапты;
Көшелерді жарықтандыруға аптасына кемінде бір рет мониторинг жүргізілетіндігі анықталды.
Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойына қарсы 6 көшенің жарықтандыруы жаңартылған екен. Сонымен қатар Ұлжан көшесінің 1 км ұзындықтағы бөлігі күтіп ұстау есебінен жарықтандырылған! Сондай-ақ облыстық маңызы бар Бекбосын көшесі облыс қаражатынан Қарауыл төбеден бастап жалпы ұзындығы 4 км-ге жуық жол бойында жиыны 97 опора жарықтандырылып, жанданған екен!
Қарауыл ауылында жалпы 18 көше болса, соның 17 жарықтанған! Электро-энергияны үнемдеу мақсатында көше шамдарына таймерлер орнатылған, соған сәйкес қыс мезгілінде жарықтандыру сағат 17:00- ден 23:00-ге дейін болса, жазды күні сағат 20:00-ден 23:00- ге дейін екен!
Осы күндері Молдағалиев көшесінің жарықтандыру шамы Автоматының жанып кетуіне байланысты, ауыл тұрғындарына қолайсыздық тудыруда! Алайда, Автоматтарға заказ беріліп, жақын арада бұл олқылықтар түзетіледі, дейді ауылдық округ әкімі!