
«Адалдық –адамгершілік бастауы» атты байқау оқушы бойындағы адалдық,әділдік, парасаттылық қасиеттерін арттыру мақсатында 12-14 сәуір аралығында әр мектепте мектепішілік кезеңде ұйымдастырылды. Екі кезең эссе жазу мен сурет салу шығармашылық түрлерінен өткен байқауға 5 мектептен 110 оқушы қатысты. 16-18 сәуір күндері үздіктер анықталды. Іріктеуден өткен 7 эссе,10 сурет үздік деп танылып, байқау мәресінен өтті. Бірінен –бірі өтетін оқшылардың эссесіне баға беру де асқан адалдық пен ұқыптылықты талап етті. Сөз шеберлігі мен тіл байлығының мамандарының көмегімен сарапталып,сан мәрте мұқият оқылып барып, бағаланды. Әр суреттің мағынасына мән беріліп,боялуына көз тоқтатылып,зерделеніп қаралды. Инста парақта ашық дауыс арқылы дауыс жинау кезеңі де оңай болмады. Халықтың баға беруімен өткен алғашқы байқау болғандықтан, қатты сөкпеулеріңізді сұраймыз! Дегенмен,тәрбиелік мәні зор байқау тағы да жалғасын таппақ.
Ағылшын жазушысы Д.Рескиннің «Балаларды адалдыққа баулу-тәрбиенің басы» деген нақыл сөздерінің адам бойында адалдық қасиетінің қалыптасуында тәрбиелік мәні зор.
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады.
Адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттер қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Осы мақсатта өткен байқаудың жеңімпаздары
Эссе жазудан:
Бас жүлде - Ермеков Аслан (680❤️) Қарауыл Гимназиясы
Бірінші орын - Джолумбетова Нұрай (633❤️) Абай атындағы мектеп-лицей
Екінші орын - Серікқалиұлы Берік (353❤️) Жалпы орта білім беретін мектеп
Сурет салудан:
Бас жүлде - Бахтияр Ақгүл (1095❤️) Абай атындағы мектеп-лицей
Бірінші орын - Берікқазы Елнұр (1030❤️) С.Бекбосынов мектебі
Екінші орын - Кенжеғалиқызы Мадина (316 ❤️) Жалпы орта білім беретін мектеп