
Ашық әкімдік жобасының мақсаты - тұрғындарға жедел әрі сапалы қызмет көрсету және жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Яғни бұл жерде әр бөлімнен жауапты мамандар кезектесіп, тұрғындарға жауап береді. Осылайша, келуші азаматтар «Бір терезе қағидаты» бойынша, мамандардан өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады.
«Ашық әкімдік» фронт-кеңсесі «Шығыс-Адалдық алаңы» жобасы аясында ашылып отыр. Қолжетімділік, есептілік, қолайлылық – бұл біздің жұмыс барысындағы басты ұранға айналғандай! Осы арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болудағы ауқымды қадамды жасағандаймыз. Мәселен, бұрын дербес бөлімдерден қызметті алу үшін тұрғындар 2-3 қабатқа көтеріліп, әр кабинеттің есігін қағып уақыттарын өткізсе, қазір тұрғындарға кез-келген қызмет түрін небәрі 15 минутта алуға мүмкіндік жасалған.
Болашақта Абай халқының қолайлылығы үшін, Саржал және Көкбай ауылдық округтерінде де осындай «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесін ашу жоспарлануда! Сондай-ақ Тоқтамыс ауылдық округінде ОPEN SPACE фронт-кеңсесі ұйымдастырылып, мамандар ашықтық принципинде жұмыс жасауда. Бұның барлығы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жасалған. Осы жолда, сонымен қатар «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылған, тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында әр апта сайын Абай –адалдық алаңында «Адал көмек» жобасы аясында Аудан әкімі аппаратының заңгері және де есептілікті арттыру мақсатында «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында бөлім, мекеме басшыларымен әлеуметтік желі арнасында тікелей эфирге шығып тұрамыз!