
«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша «Абай - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқаратын жұмысы және Заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақстатында Абай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім басшысы Зурманов Даурен Кадырбековичпен кездесті.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңға енген өзгерістерге тоқталып, кеңінен талқыланды. Болашақта еліміздің қорғанышы болатын ер азаматтар осы ҚІЖББ шығатын болғандықтан, Адалдық пен парасаттылық қасиеттеріне баулу, сол мақсатта жеке құраммен де жұмыс жасап, сенім телефондарын кеңінен насихаттау ұсынылды!