
«Абай адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы аудандық әлеуметтік желілерде шешілмеген мәселелер, шағымдар, күдікті хабарландырулардың жауапсыз қалмауы мақсатында Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бурхан Нұрланұлымен бірлесе әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында күмән тудыратын хабарламалар мен шағымдар болмағаны анықталды!
Ал біз Сіздерге, егер біздің назарымыздан қалып қойған сыбайлас жемқорлық фактілерінің куәгері болсаңыз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің call орталығына 1424 нөмірі арқылы хабарласа алатындығыңызды ескертеміз!