
Қазақстан Республикасының 25. 12. 2017 жылғы № 120-VI-ші «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Кодексіне 688 бабының 1 бөліміне сәйкес Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады. Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Кіріс көзінен ЖТС, табыс көзінен ұсталынатын және әлеуметтік төлемдер оңайлатылған декларацияда ай сайын көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдерді төлеу тәртібі (ЖЗҚ, ӘA, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары) өзгертілді, яғни төлеу мерзімі төлем айынан кейінгі айдың 25-не дейін төленуі тиіс екендігін хабарлайды.
Сонымен қатар оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер 2020 жылдың 2 жартыжылдығына ағымдағы жылдың 15 ақпан айына дейін салық декларацияларын тапсыру керектігін ескертеді!