«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тәрбие сағаты

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тәрбие сағаты

«Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы бүгін Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп лицейде қазақ тілі-әдебиет мұғалімі Қабланбекова Жұлдыз Адильгазиевнаның жетекшілігімен 8 а сыныбында өткен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тәрбие сағатында болып қайтты!

Оқушыларды мектеп жасынан адалдық пен әділеттілікке баулу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында өткен тәрбие сағатында:
Оқушылар қазақ тілі пәні мұғалімі- Жұлдыз Адильгазиевна даяраған сыбайлас жемқорлыққа қарсы, тәрбиелік мәні бар бейнероликтарды тамашалап, кейіннен оқушылардың өздері даярлаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністің куәгері болдық.

Тәрбие сағаты сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында оқушылардың бір-біріне постерлер арқылы тілек айтуымен жалғасын тапты!

Сабақ соңында «Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бақыт Серікханқызы оқушыларға осы жолдан таймай, өмірлік ұран ретінде Адалдық пен Әділеттілікті алып жүріңдер,-деп сөзін аяқтады!

Осындай тамсануға тұрарлық жаңалықтарымыз көп болғай.