Жалпы орта білім беретін орта мектеп кезекті «Қамқоршылық кеңес» жиналысын өткізді

Жалпы орта білім беретін орта мектеп кезекті «Қамқоршылық кеңес» жиналысын өткізді

Жалпы орта білім беретін орта мектеп кезекті «Қамқоршылық кеңес» жиналысын өткізді! Жиналысқа Кеңес мүшелері, мектеп директоры Садыбекова Анар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектептің әлеуметтік педагогі Гүлдана Марданова қатысты!

Күн тәртібі:
Жалпы орта білім беретін мектебінің ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы

«Жүректен жүрекке» акциясы бойынша атқарылғанжұмыстар

‼️Мектепте жалпы 285 оқушы оқыса, оның 213 қаңтар айынан мектеп бойынша әлеуметтік қамқорлыққа алынған!

ІІІ тоқсандағы оқу үлгерімі қорытындысы бойынша 53 оқу озаты көш бастап тұр.

Жаңа мектеп болғанына қарамастан, оқушылары көптеген Респуликалық олимпиадалардың жеңіс тұғырынан көрініп жүрген мектептің қарқынды жұмысына тамсануға болады! Анар Жұмасияқызы бастаған ұжымға тек сәттілік тілейміз, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!

«Жүректен жүрекке» акциясы бойынша қайырымдылық жәшігі ұйымдастырыылған! Акцияға ардагер ұстаздардың қосқан үлесі де аз емес.

«Жүректен жүрекке» акциясы бойынша ұйымдастырылған жәшікті «Қамқоршылық кеңес» жиылысында ашып, 101 000 (жүз бір мың) теңге қаражат санап алынды. Аталған қаражатқа көп балалы, аз қамтылған және де қамқорлықтағы балалар қамтылатын болады! Болашақта осы қаражаттың игерілуі жөнінде хабардар етіп отыратын боламыз!