
Ағымдағы жылдың 09 сәуірінде Абай ауданының ТЖБ мен №46 ӨСБ қызметкерлерінің қатысуымен тұрғын үй ұйымдарының басшыларына және ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздігіне қатысты семинар сабақ өткізілді. Семинар барысында Өрт қауіпсіздігі негізгі талаптары түсіндіріліп, жеке және көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі бойынша біраз мағлұмат берілді. Олар:
1. Балалардың сіріңке және басқада от қауіпін туғызатын заттармен ойнамауын қадағалау.
2. Электр сымдарының қысқа тұйықталуын болдырмау. Олардың алдын алу.
3. Газ баллондары мен құбырларының дұрыс пайдалануын қамтамасыз ету.
4. Жеке қолданыс үшін жанар-жағар майдың белгіленген мөлшерінен артық сақтамауды қадағалау.
5. Жеке тұрғын-үй аулаларындағы қоқыстарды өртеу кезінде сақтық шараларын жасау.
6. Пештердің дұрыс жұмыс жасауын қадағалау.