
Ағымдағы жылдың 6-шы сәуірінде «Шығыс - Адалдық алаңы» кеңсесінің ұйымдастыруымен @shygys_adaldyq_alany және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті Превенция және парасаттылық басқармасының маманы Ж.Кусаинованың қатысуымен SCRUM-кездесу өтті.
Онлайн режимде аудан әкімінің орынбасары, жоба кураторы М.С.Смағұлов және «Абай - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.С.Жакыжанова Zoom платформасы арқылы қосылды!
Жиын барысында жобалық кеңсенің 2021 жылға арналған жоспары мен проблемалық сұрақтары талқыланды.
М.Бахытқызы @marjan_baqyt Абай ауданында «Адалдық алаңы» жобасының іске асырылуына байланысты нақты тапсырмалар берді!