
2021 жылғы 2 сәуір күні сағат 15.00 де аудандық әкімдік ғимаратында аудан әкімінің орынбасары М. Смагуловтың төрағалығымен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 2021 жылға аудан бойынша «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу» туралы каулысымен бекітілген 15 мекеме басшыларымен және мүмкіндігі шектеулі аудан тұрғындарының қатысуымен бос жұмыс орындары жәрменкесі өткізілді. Шақырылған азаматтар өздерін толғандырған мәселелер жөнінде мамандарға, мекеме басшыларына сұрақтарын койып, текті жауаптарын алды. Жұмыс сұрап келген азаматтардың біліміне, кабілетіне қарай жұмысқа орналасуына көмек көрсету үшін аудан әкімінің орынбасары мекеме басшыларына тапсырма берді.