
Құрметті жерлестер! 5 сәуір күні аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Рауан Ардақұлы Медеу ауылына барып, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, "ҚР ДСМ СЭБК ШҚО СЭБД Абай аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы" РММ басшысының міндетін атқарушы Айдана Ардаққызы індетке қарсы сақтық шараларын қатаң ұстанумен қатар, санитарлық талаптарды сақтау жөнінде ақпарат берді.