Абай ауданы әкімдігі жанындағы Консультациялық – кеңесші органның I тоқсанындағы алғашқы отырысы өтті

Абай ауданы әкімдігі жанындағы Консультациялық – кеңесші органның I тоқсанындағы алғашқы отырысы өтті

Ағымдағы жылдын 31 наурызында 2021 жылдың I тоқсанындағы Қылмыстық жазаларды орындау мекемесімен қылмыстық-құқықтық іс әрекет көрсетумен және жазасын өтеп жатқан тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің аудан әкімінің орынбасары М.Смагуловтың төрағалығымен санитарлық талаптарды сақтай отырып Абай ауданы әкімдігі жанындағы Консультациялық – кеңесші органның I тоқсанындағы алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында комиссия төрағасы М. Смагулов Консультациялық – кеңесші органның жаңа дербес құрамын таныстырып, 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу кезінде ШҚО Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Риза» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына ауыстырылып қаулы жобасы облыстық Әділет басқармасына келісуге жіберілгендігі жөнінде айта кетті.
Сонымен қатар аудан бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті Абай аудандық пробация қызметінің есебінде 2021 жылғы 3 айында есебінде тұрған қоғамнан оқщаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға қатысты тізім бойнша, шартты түрде сотталғандарға және белгілі бір қызмет түрімен айналыспау құқығынан айырылған сотталғандарға жеке-жеке тоқталып, тізімдегі барлық 19 адам жұмыспен қамтылғандығы жөнінде комиссия мүшелеріне баяндама берді. Комиссия мүшелеріне алдағы уақытта да жұмыс беруші мекеме басшыларымен қожалық жетекшілерімен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша тапсырма берді.